Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Салық органдары енді микрокаржы ұйымдарындағы берешек деректерін алады

Салық органдары енді микрокаржы ұйымдарындағы берешек деректерін алады

2025 жылдың 10 қарашасынан бастап салық органдары азаматтардың микрокаржы және коллекторлық ұйымдар алдындағы берешегі туралы ақпаратты алып отырады.

Бұл Қаржы министрінің 2025 жылғы 24 қазандағы бұйрығымен бекітілді және 2025 жылдың соңына дейін күшінде болады.

Кредиттік бюролар енді микрокаржы және коллекторлық ұйымдарға қарызы бар жеке тұлғалар жөніндегі мәліметті Мемлекеттік кірістер комитетіне (МКК) тапсырады. Бұл деректер декларация тапсыратын азаматтардың кірістері мен міндеттемелерін салыстыру үшін пайдаланылады.

Жүйе бойынша, салық органдары жыл сайын декларация тапсыруға міндетті тұлғалардың тізімін қалыптастырып, олардың ЖСН-ін Smart Data Finance жүйесі арқылы кредиттік бюроларға жібереді. Ал бюролар 10 жұмыс күні ішінде МКК-ға қарыз туралы мәліметтерді ұсынады.

Берілетін ақпаратқа қарыз сомасы, ұйымның атауы, несие шартының күні мен нөмірі және қалған берешек көлемі кіреді. Бұйрықта алынған деректердің құпиялығы мен салықтық ақпараттың таралмауы қатаң сақталуы тиіс екені де атап өтілген.

Ұқсас материалдар