Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Шетелдік маркетплейстерден тауар жеткізудің жаңа ережелері бекітілді

Шетелдік маркетплейстерден тауар жеткізудің жаңа ережелері бекітілді

Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі шетелдік маркетплейстер арқылы сатып алынған тауарларды ЕАЭО аумағына әкелудің жаңа тәртібін бекітті.

Жаңа талаптар 2026 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді.

Жаңа ережеге сәйкес, құны 200 еуродан аспайтын тауарлар кедендік бажсыз әкелінеді. Ал 200 еуродан қымбат тауарлар үшін сатып алу құнының 5 пайызы мөлшерінде кедендік баж және қосылған құн салығы төленеді. Бұл ретте кедендік баждың ең төменгі мөлшері – әр келі үшін 1 еуро.

Сонымен қатар кейбір тауар санаттарына, оның ішінде автокөліктерге арнайы кедендік мөлшерлемелер қолданылады.

Жеңілдетілген декларациялау тәртібі қолданылмайтын тауарлар тізімі де нақтыланды. Оған жеке пайдалануға арналмаған өнімдер кіреді. Атап айтқанда, солярий жабдықтары, іштен жану қозғалтқыштары, медициналық жиһаздар, ойын автоматтары және бірқатар өзге тауарлар бұл санатқа жатады.

Бұдан бөлек, әкелу мен әкетуге ерекше талап қойылатын өнімдер де шектеуге ұшырайды. Олардың қатарында қару-жарақ пен оқ-дәрі, қазба жануарлардың сүйектері, қауіпті қалдықтар бар. Сондай-ақ алкоголь өнімдері, темекі бұйымдары, қолма-қол ақша, әуе және су көліктері, кейбір көлік түрлері мен олардың шассилері де жеңілдетілген тәртіпке кірмейді.

Осылайша, электрондық сауда арқылы әкелінетін тауарларға қойылатын жаңа талаптар 2026 жылдың 1 шілдесінен бастап ресми түрде қолданысқа енгізіледі.

Ұқсас материалдар