Шыңжаңнан көкөністер мен жемістер арнайы жүк көліктерімен жеткізілетін болды
10 мамырда Үрімжі қаласындағы Цзюдин ауыл шаруашылығы көтерме сауда базарында «салқын тізбекті» жүк көліктерін жөнелту рәсімі өтті, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі.
Агенттіктің хабарлауынша Шыңжаң көкөністері мен жемістері Орталық Азияға алғаш рет «суық тізбекті» жүк көліктерімен жеткізіледі. Ескерте кетейік, суық тізбекті арнайы тоңазытқыштармен жабдықталған жүк көліктерінің тізбегі. Трансшекаралық жүк тасымалы үшін сипаттамалары жақсартылған жүк көліктері қолданылады. Жүк тасымалдаудың бұл салыстырмалы түрде жаңа форматы әуе, теңіз және теміржолдан кейінгі «төртінші логистикалық арна» деп аталады.
ХЖТ конвенциясына сәйкес, тасымалдау процесінде жүкті қайта тиеу немесе аралық ауыстырып тиеу жүргізілмейді, жүк аралық кеден органдарында кедендік тексеруден босатылады. Осыған байланысты автомобильмен жүк тасымалдаудың арзан құны, тиеу орындарының шектеусіздігі, жүкті уақтылы жеткізу, кедендік бақылаудың қарапайымдылығы сияқты артықшылықтары бар.
Алғашқы рейспен 40 тоннадан астам жаңа піскен көкөніс пен жеміс тиелген «Қорғас» өткізу бекеті арқылы Алматы қаласына жеткізіледі. Бұл Қытайдың (Шыңжаң) пилоттық еркін сауда аймағының Үрімжі аймағы үшін көкөністер мен жемістерді экспорттаудың жаңа бағыты болып отыр.
Агенттіктің хабарлауынша автокөлікпен тасымалдау жеткізу уақытын бір күнге, жүктердің жоғалуын 3%-ға қысқартады. Нарықта сыртқы саудамен айналысатын сатып алушылар мен кәсіпкерлер үшін бұл шығындарды азайтып, тасымалдау ыңғайлылығын арттырады.
Көкөніс базарының менеджері Чжоу Кайдің айтуынша салқындатушы жабдығы бар жүк көліктерінің арқасында болашақта Орталық Азияға күніне 100-ден 200 тоннаға дейін жаңа піскен көкөністер мен жемістер жөнелтілмек.