Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Сиань мен Үрімшіге арзан әуе билеттері ұсынылды

Сиань мен Үрімшіге арзан әуе билеттері ұсынылды

Қазақстандық лоукостер FlyArystan Қытай бағыттарына жеңілдік науқанын жариялады. Арнайы ұсыныс аясында жолаушылар халықаралық рейстерге билеттерді тиімді тарифтермен сатып ала алады.

Қытай рейстеріне арнайы бағалар бір бағытқа 27 000 теңгеден басталады. Ұсыныс Алматы, Астана және Ақтау қалаларынан орындалатын рейстерге қолданылады. Науқандық билеттерді 2026 жылғы 21-23 мамыр аралығында сатып алуға болады

Жеңілдікпен тарифтер бойынша саяхат кезеңдері:

– Астана – Үрімші – Астана және Алматы – Инин – Алматы: 2026 жылғы 1 маусымнан 21 қазанға дейін;
– Ақтау – Үрімші – Ақтау: 2026 жылғы 26 маусымнан 21 қазанға дейін;
– Алматы – Сиань – Алматы: 2026 жылғы 30 маусымнан 21 қазанға дейін.

Науқан аясында бір бағытқа арналған тарифтер ұсынылады:

– Алматы – Инин – 27 000 теңгеден, кері бағытта – 38 000 теңгеден;
– Астана – Үрімші – 39 000 теңгеден, кері бағытта – 50 000 теңгеден;
– Ақтау – Үрімші – 67 000 теңгеден, кері бағытта – 84 000 теңгеден;
– Алматы – Сиань – 73 000 теңгеден, кері бағытта – 79 000 теңгеден.

Билеттерді  әуекомпанияның ресми сайтында, мобильді қосымшасында, сондай-ақ өзге де сату арналары арқылы рәсімдеуге болады. 

Ұқсас материалдар