Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Әскери қызметкерлерге банк пен микроқаржы ұйымдары енді несие бермейді

Әскери қызметкерлерге банк пен микроқаржы ұйымдары енді несие бермейді

Елімізде мерзімді әскери қызметтегі азаматтар банк немесе микроқаржы ұйымдарынан несие ала алмайды.

Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қаулы жобасында айтылған.

Құжат жеке тұлғаның кредиттік есебінде мәліметтерді көрсету үшін мерзімді әскери қызметке шақырылған әскери қызметшілер туралы Қорғаныс министрлігі мен кредиттік бюролар арасында мәліметтер алмасу тәртібін көздейді.

«Жаңа тарау Қорғаныс министрлігінің мерзімді әскери қызметке шақырылған әскери қызметшілер туралы ақпаратты кредиттік бюроларға беру тәртібін реттейді, бұл ақпарат жеке тұлғаның кредиттік есебінде көрсетіледі. Сонымен қатар, осы тарауда жеке тұлға несие алу үшін өтініш берген жағдайда, банк пен микроқаржы ұйымдары оның кредиттік есебіндегі мәртебесін тексереді; егер жеке тұлғаның мерзімді әскери қызметтен өткендігі туралы ақпарат болса, онда несие беру өтініші қабылданбайды», – делінген салыстырмалы кестеде.

Ұқсас материалдар