Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Сталкинг жасаған адам 25 тәулікке қамауға алынды

Сталкинг жасаған адам 25 тәулікке қамауға алынды

Алматы облысының Қарасай аудандық соты сталкинг жасаған азаматқа қатысты үкім шығарды.

Айыпталушы 2025 жылғы қыркүйектен бастап жәбірленушіні жүйелі түрде қудалап келген. Ол бірнеше рет қоңырау шалып, «WhatsApp» пен «Telegram» арқылы хабарламалар жіберген, тіпті бұғаттағаннан кейін «Kaspi.kz» қосымшасы арқылы аз мөлшерде ақша аударып, хабарламалар жазуды жалғастырған.

Жүйелі қудалау салдарынан жәбірленуші үрейленіп, ұйқысы бұзылып, психикалық күйі нашарлаған. Сот айыпталушыны ҚК-нің 115-1-бабы («Сталкинг») бойынша кінәлі деп танып, 25 тәулікке қамауға алу жазасын тағайындады. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Ұқсас материалдар