Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Starbucks Қытай бизнесіндегі үлесін сата ма?

 Starbucks Қытай бизнесіндегі үлесін сата ма?

Әлемдегі ең ірі кофехана желісіне иелік ететін американдық Starbucks корпорациясы Қытайдағы бизнесті одан әрі дамытудың түрлі нұсқасын қарастырмақ.

Тіпті болмаса, үлестің бір бөлігін жергілікті серіктестерге сату жағын да таразылап көрмекші.   

Дереккөздің мәліметінше, компания Қытай бизнесіндегі ауқымын кеңейту мүмкіндігін уысынын шығарып алмас үшін кеңесшілердің көмегіне жүгініп, жергілікті елден серіктес табуды талқылады. Бірақ әзірге түпкілікті шешім қабылданған жоқ. Алайда, кофехана желісінің басшылығы әлеуетті инвесторлар, соның ішінде қытайлық инвестициялық қорлардың бұл салаға деген көзқарасы мен қызығушылығы бар-жоғы туралы ақпарат жинауға көшкен.

Жалпы, бизнестің бір бөлігін қытайлық инвесторларға сату – мейрамхана ісінде танымал үлгі. Соңғы жылдары мұндай маневр, атап айтқанда, McDonald's Corp. Және Yum! Brands Inc. компаниясында қолданылды. Қытай – Starbucks-тың АҚШ-тан кейінгі екінші үлкен жаһандық нарығы. Бұл компанияға өткен жылы шамамен 3 миллиард доллар табыс әкелді.

Қыркүйек айының соңында елдегі кофеханалар саны 7600-ге жуықтады. Сөйте тұра компания Luckin Coffee Inc сияқты жергілікті компаниялар тарапынан айтарлықтай бәсекелестікке тап болып жатқанын тілге тиек етті. 

Айта кету керек, Starbucks акциялары осы аптада нарыққа дейінгі саудада 0,6%-ға қымбаттады. Жыл басынан бері компанияның капиталы 2,3%-ға өсіп, 111,4 млрд долларды құрады.

Ұқсас материалдар