
Шымкенттің Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясына қатысты тергеу аяқталды, – деп хабарлайды Антикор.
Агенттік Шымкенттің Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясына және басқа да адамдарға қатысты тергеуді аяқтады.
«Олар алаяқтық жасағандары және үкім шығарған кезде жазасын жеңілдету үшін сотталушының жұбайын 110 миллион теңге мөлшерінде пара беруге итермеледі деп айыпталған. Бас прокуратура биылғы 5 желтоқсанда қылмыстық істі сотқа жолдады», – делінген хабарламада.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының ережелеріне сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін, әрбір адам кінәсіз болып саналады.
Ұқсас материалдар
Көп оқылғандар
Қазақстанда автосақтандыру бағасы қымбаттайды
- 11 февраля, 2025
Жаңа Салық кодексі Парламент қарауына қашан енгізіледі?
- 11 февраля, 2025