Қазақстанда ақылы автожолдардың жалпы ұзындығы 1,8 мың шақырымға дейін ұлғаяды.
Келесі жылы тағы алты жол учаскесі ақылы болады, деп жазады LS. Ақылы болатын бағыттар:
- Қарағанды – Балқаш – 363 км
- Бұрылбайтал – Құрты – 228 км
- Ақтөбе – Қандыағаш – 96 км
- Талдықорған – Өскемен – 768 км
- Атырау – Астрахань – 277 км
- Мерке – Шу – 78 км
Ведомство мәліметінше, бұл жолдар бойынша жол жүру құнын көтеру жоспарланбайды. Жалпы алғанда, ақылы жолдардан түсетін болжамды кіріс көлемі шамамен 100 млрд теңге деп бағаланып отыр.





