Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Тайланд бағытына жаңа рейс ашылды

Тайланд бағытына жаңа рейс ашылды

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын арттыру бағытында тұрақты жұмыс жүргізуде. 

Бүгіннен бастап қазақстандық «SCAT» әуе компаниясы Шымкент – Бангкок бағыты бойынша Тайландқа жаңа әуе бағытын ашуда.

Рейстер аптасына 2 рет – дүйсенбі және бейсенбі күндері – «Boeing 737 MAX 8» және «Boeing 737-800» типті әуе кемелерімен орындалатын болады.

Аталған әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, туристік және іскерлік ынтымақтастықтың одан әрі дамуына ықпал етеді деп күтілуде.

Ұқсас материалдар