Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Тимур Турловтың холдингі Wallet Solutions компаниясын сатып алады

Тимур Турловтың холдингі Wallet Solutions компаниясын сатып алады

Freedom Holding Corp. холдингі виртуалды валюта саласында қызмет көрсететін Wallet Solutions компаниясын сатып алатынын хабарлады.

Компания 100% үлесті 1,9 миллион АҚШ долларына сатып алады. Келісімшарт 2025 жылдың қазан айында жасалған, ал мәміле қазір аяқталу сатысында тұр.

Freedom Holding бұл сатып алу арқылы цифрлық қаржы өнімдерінің аясын кеңейтіп, заманауи финтех шешімдері нарығындағы позициясын нығайтуды көздейді.

Forbes Kazakhstan ақпараты бойынша, холдингке ресми түсініктеме алу үшін сұрау жолданған.

Тимур Турлов – Freedom Holding Corp. компаниясының негізін қалаушы әрі шамамен 70% үлеске ие мажоритарлық акционері. 2025 жылғы мамырдағы Forbes Kazakhstan бағалауынша, оның байлығы 5,8 млрд АҚШ долларын құраған. Бұл көрсеткіш Турловты Қазақстанның ең бай 75 бизнесмені рейтингінде екінші, ал ең ықпалды 50 кәсіпкері тізімінде төртінші орынға шығарған.

Freedom Holding бүгінде қаржы саласымен қатар телекоммуникация және медиа бағыттарын да дамытып келеді. Холдинг соңғы жылдары әртүрлі компанияларды сатып алу арқылы кеңею стратегиясын белсенді түрде жалғастырып отыр.

Ұқсас материалдар