Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Трамп Гренландия тұрғындарына 1 млн доллардан төлеу мүмкіндігін қарастыруда

Трамп Гренландия тұрғындарына 1 млн доллардан төлеу мүмкіндігін қарастыруда

Дональд Трамп Гренландия АҚШ құрамына қосылуға келіссе, аралдың әрбір тұрғынына 1 млн доллар төлеу мүмкіндігін қарастырып отыр.

Бұл туралы Daily Mail дерегіне сілтеме жасап, ТАСС хабарлады.

Гренландия халқы шамамен 57 мың адамды құрайды, осылайша ықтимал төлем көлемі 57 млрд доллардан асуы мүмкін.

Дүниежүзілік экономикалық форум аясында Давоста сөйлеген сөзінде Трамп Гренландияны күшпен бақылау жоспары жоқ екенін айтты. Сондай-ақ ол Еуропа елдеріне қарсы кедендік баж салығы 1 ақпаннан бастап енгізілмейтінін мәлімдеді.

Трамптың сөзінше, Гренландия мен жалпы Арктика аймағына қатысты болашақ келісімнің негізгі шарттары әзірленген. Қазіргі таңда Гренландия Дания құрамындағы автономды аймақ саналады. 1951 жылдан бері АҚШ пен Дания арасында аралды қорғау жөнінде НАТО шеңберінде келісім бар.

Ұқсас материалдар