Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Транскаспий дәлізі арқылы тасымал көлемі 5 есеге артты

Транскаспий дәлізі арқылы тасымал көлемі 5 есеге артты

Көлік министрі Марат Қарабаев Транскаспий және Солтүстік-Оңтүстік халықаралық көлік дәлізіне қатысты пікір білдірді.

Қазір қарқынды дамып келе жатқан 2 өзекті транзиттік дәліз бар. 

«Біріншісі – Транскаспий халықаралық көлік бағыты. Оның бүгінгі өткізу қабілеті 6 млн тоннаны құрайды. Дәліздегі тасымал көлемі соңғы 4 жылда 800 мың тоннадан 4,1 млн тоннаға дейін көбейіп 5 есеге артты.

Осы уақыт аралығында жүктерді жеткізу мерзімі 58-60 күннен 13-15 күнге дейін қысқарды. Дәлізді одан әрі дамыту үшін Әзербайжан, Түркия және Грузия елдерімен бірге тасымалдау барысында кездесетін кедергілерді жоюға бағытталған жол картасы бекітілді.

Алдағы мақсатымыз – маршруттың қуаттылығын таяу арада 10 млн тоннаға дейін жеткізу», – деді Марат Қарабаев Мәжілісте өткен Үкімет сағатында. 

Екіншісі – Солтүстік-Оңтүстік халықаралық көлік дәлізі. 

«Дәстүрлі логистикалық жүйелердің өзгеруіне байланысты, бұл бағыт орасан зор әлеуетке ие. Жүк көлемінің негізгі үлесі Ресейде қалыптасып, Парсы шығанағындағы елдерге тасымалдауға арналған. Жалпы өткізу қабілеті – жылына 10 млн тонна. Маршруттың әлеуетін одан әрі арттыру мақсатында Ресей, Түрікменстан және Иран елдерімен дәлізді синхронды дамытудың Жол картасы бекітілді. Осы құжатқа сәйкес түйісу станцияларын модернизациялап, оның өткізу қабілетін 23-тен 33 пар пойызға дейін, яғни 1,5 есеге арттыру қарастырылған. Бұдан басқа Ресей және Түркменстанмен бірлесіп бірыңғай оператор құрылып, 50%-ға дейін тарифтік жеңілдіктер қарастырылды», – деді ведомство басшысы.

Ұқсас материалдар