Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Түркістан облысында 3,5 млрд теңгеге мал бордақылау кешені салынады

Түркістан облысында 3,5 млрд теңгеге мал бордақылау кешені салынады

Түркістан облысының Сайрам ауданында ірі қара малды бордақылауға арналған заманауи кешеннің құрылысы басталды.

Инвестициялық жобаның жалпы құны 3,5 млрд теңгені құрайды.

Жобаны BEK-AGRO жүзеге асырып жатыр. Кешен жоғары технологиялық мал сою алаңымен жабдықталып, ет өндірісінің толық циклін қамтамасыз етеді.

Жоба аясында бір мезетте 10 мың басқа дейін ірі қара малды ұстап, бордақылауға мүмкіндік беретін өндірістік нысан салу жоспарланған. Кәсіпорын толық қуатына шыққан кезде жылына 20 мың тоннаға дейін ет өнімін өндіре алады.

Жоба өңірдің агроөнеркәсіптік әлеуетін арттырып қана қоймай, ішкі нарықты сапалы ет өнімдерімен қамтамасыз етуге және экспорт көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Нысанды толық іске қосу және пайдалануға беру 2027 жылға жоспарланған.

Мамандардың айтуынша, мұндай жобалар өңірдегі мал шаруашылығын дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және Қазақстанның экспорттық әлеуетін күшейтуге ықпал етеді.

Ұқсас материалдар