Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Туристерге жаңа ереже: Каталонияда алым көлемі ұлғаяды

Туристерге жаңа ереже: Каталонияда алым көлемі ұлғаяды

Испанияның туристік орталығы саналатын Каталония аймағында туристерге салынатын алым екі есеге өседі.

Жаңа мөлшерлеме 1 сәуірден бастап күшіне енеді. Ең үлкен өзгерістер Барселона қаласында байқалады. Енді туристер тәулігіне шамамен 12 еуроға дейін салық төлейді. Мысалы, бес жұлдызды қонақүйлерде – 7 еуро, төрт жұлдызды қонақүйлерде – 3,4 еуро, туристік апартаменттерде – 4,5 еуро, ал басқа орналастыру орындарында – 2 еуро болады. Қалалық туристік алым да 4 еуродан 5 еуроға көтерілді.

Жергілікті билік 2029 жылға дейін бұл алымды жыл сайын арттырып, 8 еуроға жеткізуді жоспарлап отыр. Осылайша, Барселонадағы жалпы туристік салық 15 еуроға дейін өсуі мүмкін.

Жиналған қаражаттың бір бөлігі тұрғын үй саясатына, қалғаны туризмді дамыту қорына бағытталады.

Ұқсас материалдар