Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Уақыт ауысуының айтарлықтай кері әсері болмады – Көшербаев

Уақыт ауысуының айтарлықтай кері әсері болмады – Көшербаев

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ермек Көшербаев еліміздегі бірыңғай уақыт белдеуінің әсері жөнінде пікір білдірді.

«Уақыт белдеуіне қатысты мәселеге қысқаша тоқталғым келеді. Тәжірибе көрсеткендей, өңірлердің басым бөлігі айтарлықтай кері әсердің жоқ екендігін айтып отыр. Адам денсаулығына, балалардың оқу сапасына, коммуналдық шығындарға, жол қозғалысына және қылмыстың өсу динамикасы өзгеріске ұшырамаған. Кейбір өңірлерде, әсіресе, шығыста адаптация процесі жалғасуда. Тұрғындарға тиімді болу үшін жұмыс уақыты өзгертіліп, ол қазір бес жарымға таман аяқталады. Нәтижесінде қалған уақытты тұрғындар жеке басына, отбасына, балаларына арнауға көбірек мүмкіндік алып отыр», – деді Е. Көшербаев Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында.

Оның айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Үкімет пен Парламент бұл сұрақты жан-жақты қарап, кеше ғана фракция отырысында ортақ пікір қалыптасты», – деді Үкімет басшысының орынбасары.

Айта кетейік, 2024 жылы 1 наурыздан бастап Қазақстанда уақыт бір сағат артқа жылжыған еді. 

Ұқсас материалдар