
Вьетнамдық Saviko Group компаниясы Қазақстандағы бір әуежайдағы сатып алғысы келеді. Бұл туралы вице-премьер, ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді.
«Танымал вьетнамдық Saviko Group компаниясы бізден Qazaq Air әуе компаниясын сатып алғанын білесіздер, осы жерде дамытқалы жатыр. Жақында ғана ол Қазақстанға келгенде мен онымен кездестім. Ол, сондай-ақ, әуежай сатып алуды немесе оны басқаруға алуды қарастырып жатыр. Өйткені әуе компаниясы үшін қалай болғанда да негізгі әуежай керек», – деді Жұманғарин Ақорда кулуарында.
Министр вьетнамдық компания қарқынды дамып жатқанын және халықаралық әуе компанияларымен жақсы келісімшарттары барын атап өтті.
SOVICO Group Қазақстанды стратегиялық нарық ретінде қарастырып отыр. Ол Qazaq Air әуе компаниясын «Самұрық-Қазына» қорынан 2024 жыл соңында сатып алды. Қарызға батқан компания 2 млрд теңгеге бағаланды. SOVICO Group әуе компаниясының 38 млмр теңге қарызып өтеп, алдағы 5 жылда бірнеше әуе кемесін сатып алуға келіскен.
Астанада өтіп жатқан Қазақ-вьетнам дөңгелек үстелінде Qazaq Air компаниясы атауын VietJet Kazakhstan деп өзгертетіні белгілі болды.