Жаңалықтар
Экономика
«Жаңа Жібек жолы» бағыты арқылы контейнерлік жүк тасымалы артты
Былтыр Қытайдан келген 11 контейнерлік пойыз қазақстандық су айлағында кемеге тиеліп, шетел асқан.
Ал биыл бұл көрсеткіш 270-ке жетті. Қазір су айлақтарының аумағы кеңейтіліп, контейнерлік терминалдар салынып жатыр. Бірнеше инвестициялық жоба қолға алынды. Жоспарлы мерзімінде аяқталса, Ақтау портының жүк өткізу қуаты 11 млн 800 тоннадан 16 млн тоннаға дейін артады.
«Ақтау теңіз сауда порты» ҰК басқарма төрағасы Абай Түрікпенбаев:
«Биыл Құрық портында айлақтардың түбін тереңдету, ұзарту жұмыстары басталды. Енді дәл осындай жұмыстар Ақтау портында атқарылады. Жоспар бойынша жағалау түбінен 1 млн текше метрдей топырақ алынады. Порт аумағын 70 гектарға дейін ұлғайтуды жоспарлаймыз. Оған инвесторлар қызығушылық танытып отыр», – деді.