Жаңалықтар
«Жайсан» өткізу пункті арқылы Ресейден вейптерді заңсыз әкелу дерегі тоқтатылды

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, тексеру барысында тыйым салынған өнімдердің ірі партиясы анықталған.
Атап айтқанда:
13 мың электрондық тұтыну жүйесі (вейп);
2 мың дана вейпке арналған сұйықтық;
14 мың дана шылымсыз темекі өнімдері.
Аталған факті бойынша екі азаматқа қатысты сот үкімі шығарылды. Олар 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Жалпы құны 26 млн теңге құрайтын вейптер тасымалданған көлік құралдары тәркіленді.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.