Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Жетісу облысында ірі жел электр станциясы салынады

Жетісу облысында ірі жел электр станциясы салынады

Жобаны Сауд Арабиясының ACWA Power компаниясы жүзеге асырады.

Мәжілісте «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сауд Арабиясы Корольдігінің Үкіметі арасындағы жел электр станциясы жобасын іске асыру туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды. 

Бұл туралы мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин палатаның жалпы отырысында мәлімдеме жасады. 

– Аталған келісімге екі елдің үкіметі 2024 жылғы 7 наурызда қол қойды. Келісім мақсаты – Қазақстан аумағында жаңартылатын энергия көздерін, "жасыл" технологиялар мен инновацияларды пайдаланып, екі ел арасындағы ынтымақтастық аясында жаһандық жылынуға қарсы шараларды жүзеге асыру. Осы құжат бойынша жалпы қуаты 1 ГВт жел электр станциясы жобасын Жетісу облысында салу жоспарланған, – деді ол.

Жоба іске қосылғанда 250-ге тарта тұрақты жұмыс орнын ашылады деп жоспарланған.

Сондай-ақ, 3 мыңға жуық уақытша жұмыс орны құрылатыны туралы айтылады. 

– Шамамен 1,8 млрд АҚШ доллары сомасында инвестиция тарту қарастырылған. Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитеті заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеуге дайын, – деді сөзін түйіндеді депутат.

Айта кетейік, наурыз айында ACWA Power (Сауд Арабиясы) компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Мұхаммед Абунайян Жетісу облысында қуаты 1 ГВт болатын жел электр станциясын салу жөніндегі бірлескен инвестициялық жоба жайын талқылаған еді. 

Ұқсас материалдар