Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Жетісу облысының ауылдарында жаңа спорт нысандары қарқынды салынуда

Жетісу облысының ауылдарында жаңа спорт нысандары қарқынды салынуда
Спорт саласында жетістікке жеткен атақты жеңімпаздарымыз бен чемпиондарымыздың көбі қарапайым, ауылдан шыққан спортшылар екені баршаға белгілі, сол себепті Жетісу облысы ауылдарда спорт нысандарын салуды қолға алып, бұл бағытта айтарлықтай шаралар атқарылды. Бұл туралы Жетісу облысы әкімінің орынбасары Мәрлен Көлбаев әлеуметтік желідегі парақшасында жазды

Мәрлен Қапашұлының жазуынша биылғы жылдың өзінде облыс бойынша 14 спорт нысаны:
Алакөл ауданы, Лепсинск ауылында дене шынықтыру және спорт кешені;
Панфилов ауданы Үшарал ауылында дене шынықтыру және спорт кешені;
Сарқан ауданы, Алмалы ауылында дене шынықтыру және спорт кешені;
Текелі қаласында дене шынықтыру және спорт кешені;
Талдықорған қаласында волейболдан оқу-жаттығу спорт кешені;
Ақсу ауданы, Қапал ауылында және Панфилов ауданы Көктал ауылында анғар типті спорт кешендері;
Блокты модульді 7 спорт кешендерінің құрылыстары жүргізілуде және Жетісу орталық стадионы реконструкциядан өткен. 

"Олардың арасында: Текелі қаласындағы спорт кешені мен Қаратал ауданы Көпбірлік және Тастөбе ауылындағы блокты модульді спорт кешендері ел игілігіне қолданысқа берілді, ал қалған спорт нысандары жыл соңына дейін толығымен тапсырылатын болады", деп жазды Мәрлен Көлбаев.


Ұқсас материалдар