Қандай бір мемлекет болмасын оның қоғамдағы экономикалық қызметі ірілендірілген түрде мына функцияларға бөлінеді: - экономикалық дамудың қалыпты дамуына жәрдемдесетін құқықтық базаны қамтамасыз ету; - монополиялық қызметті шектеу және бәсекелестікті қорғау; - табыстар мен байлықты қайта бөлу; - экономиканы тұрақтандыру; - ресурстарды қайта бөлу; Аталған функциялардың іс-қимылы тікелей немесе жанама түрде “қаржы” категориясын пайдаланумен байланысты болып келеді; айтарлық- тай дәрежеде бұл байланыс мемлекеттің соңғы үш функцияларында кө- рінеді. Мемлекеттік қаржылар мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, саяси функцияларын орындау үшін оны қажетті ақша ресурстарымен қамтамасыз ететін елдің жүйесінің маңызды сферасы болып табылады және олар экономика мен бірге сан алуан өзара байланыстарды қамти- тын мемлекеттік сектордың өндірістік және әлеуметтік қатынастардағы іс-қимылмен байланысты. Мемлекеттік қаржылардың функциялары экономикалық категория болып табылатын жалпы қаржылардың функ- цияларына ұқсас болып келеді: бұл – бөлу мен бақылау функциялары. Мемлекеттік экономикалық мазмұны бірыңғай бола бермейді, олардың құрамында жеке оқшауланған буындар болады және олардың әрқайсы- сы өзгеше функцияларды атқарады. Республикалық және жергілікті деңгейлерде іс-әрекет ететін және бюджетті, мемлекеттік несие, мемле- кеттік және муниципалдық кәсіпорындардың қаржыларын қамтиды. Аталған буындардың түрлі функционалдық арналымының арқасында мемлекет экономикалық, әлеуметтік,саяси процестердің үлкен спекто- рына,салалық және аумақтық проблемаларды шешуге ықпал етеді. Егер қаржы қатынастарын топтастыру кезінде мемлекеттің экономика мен әлеуметтік процестерге басшылық жасау деңгейіне сүйенетін болсақ, онда Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қаржылардың құры- лымын мынадай түрде көрсетуге болады: ҚР мемлекеттік қаржылары а) республикалық ә) жергілікті Республикалық қаржылар: a) бюджет ә) ресурстар Жергілікті қаржылар: a) мемлекеттік несие ә) кәсіпорындар қаржысы Мемлекеттік қаржылардың құрамында республикалық және жергілікті деңгейлерде қалыптасатын бюджеттік өзара байланыстар маңызды рөл атқарады. Бюджеттік қатынастар көмегімен мемлекеттік құрылымдар- дың қарамағында қаржылық әдіспен қайта бөлінетін ұлттық табыстың едәуір бөлігі жұмылдырылады. Түрлі деңгейлердің бюджеттері респуб- ликалық, жергілікті бюджеттер тиісінше өкімет пен басқарудың респуб- ликалық және жергілікті органдары үшін тіршіліктің қаржы базасы бо- лып табылады. Қазақстан Республикасы аумағында жалпы функциялар- ды орындау үшін республикалық бюджет қалыптастырылады. Оның ре- сурстары мемлекеттік мақсатты кешенді бағдарламаларды қаржыландыруға, республикалық функцияларды орындауға мүмкіндік береді.
Жергілікті бюджет
Бюджеттік қатынастар жүйесінде жергілікті бюджеттерге маңызды орын беріледі. Жергілікті бюджеттер көбінесе экономикалық процес терді реттеу үшін пайдаланылады, өндіргіш күштерді орналастыруға ықпал етеді, жергілікті кәсіпорындар шығаратын өнімнің бәсекелестік қабілетін арттыруға, аумақтық инфрақұрылымды жасауға, еңбек ресур- старының ұдайы өсуі жөніндегі шығындарды қаржыландыруға жәрдем- деседі. Жергілікті бюджеттер әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асы- руда зор роль атқарады.Мемлекеттік несиенің мазмұнын құрайтын ақ- шалай қатынастар мемлекеттік қаржылардың өзгеше бөлігі болып та- былады. Мемлекеттік несие қатынастары кәсіпорындардың, ұйымдар мен халықтың уақытша бос ақшасын жұмылдыруға және оларды мем- лекеттік шығындарды қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін билік органдарына уақытша беруге байланысты пайда болады. Заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос ақшаларын мемлекеттің жұмылдыруы қаржы рыногында облигацияларды , қазынашылық міндеттемелерді жә- не мемлекеттік бағалы қағаздардың басқа түрлерін сату арқылы жүзеге асады. Займдар мен қазынашылық ссудалар мемлекеттік несиенің бас- ты нысандары болып табылады. Мемлекеттік несие экономиканы ны- ғайтуда және оны қаржы жағынан сауықтыруда маңызды роль атқарады Мемлекеттік сектордың іс-әрекет етуі мемлекеттік меншіктің болуына негізделген. Меншікті жіктеу тұрғысынан мемлекеттік заңды ұйымдар- дың мүлкі және мемлекеттік қазына болып ажыратылады.Мемлекеттік заңды тұлғалардың мүлкі заңмен оқшауланған және мемлекеттік кәсіп- орындар мен ұйымдардың қаржысының іс-әрекет етуі үшін негіз бола- ды.
Мемлекттік қазына республикалық және жергілікті қазына болып бөлінеді. Республикалық қазына мыналарды қамтиды:
-республикалық бюджеттің қаражаттары;
-мемлекеттің алтын валюта қаражаттары;
-мемлекеттің меншік құқығының мүлкі;
-коммуналдық меншікке жататын оқшауланбаған мүлік .
Қосымша өнімнің және тиісінше таза табыстың аса маңызды бөлігі “пайда” болып табылады. Онда кәсіпорынның шаруашылық қызметінің барлық жақтары неғұрлым толық бейнеледі. Сондықтан пайда өндіріс тиімділігін маңызды құндық көрсеткіштердің бірі болып табылады.
Жергілікті қазына жергілікті бюджеттің қаражаттары мен коммуналды меншікке жататын оқшауланбаған мүлікті қамтиды.
Мемлекеттік шығындар
Мемлекеттік шығындар – бұл мемлекеттің іс-әрекет етуімен байла- нысты ақша шығындары. Экономикалық категория ретінде олар қо- ғамдық өндірісті дамытып, жетілдіру, қоғамның сан-алуан қажеттілік- терін қанағаттандыру мақсатында жалпы ішкі өнімнің бір бөлігін бөлу және тұтынумен байланысты экономикалық қатынастарды білдіреді. Мемлекеттік шығындар -мемлекеттің қаржы саясатының маңызды құралы,оның орталықтандырылған және орталықтандырылмаған кірісте- рін пайдалануға байланысты болатын қаржы қатынастарының бір бө - лігі. Мемлекет шығындарының өзгешелігі сол, ол қызметтің тек мем- лекеттік қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Сондықтан мемлекет шы- ғындарының мазмұны мен сипаты мемлекеттің экономикалық, әлеу- меттік, басқару, қорғаныс және т. б. функцияларымен тікелей байла- нысты. Мемлекеттің шығындары мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге асатын мемлекеттің тікелей шығындары мен өндірістік жәнеөндірістік салалардың мемлекеттік кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелер- дің шығындарынан тұрады.
Шаруашылық жүргізудің әртүрлі жүйесінде және типті экономика дамуының түрлі кезеңдерінде мемлекеттің ролі, оның функциялары мен қызмет саласы өзгеріп отырғандықтан бұған сәйкес мемлекеттің жасайтын шығындарының құрамы мен көлемі тиісінше өзгеріп отыра- ды. Мемлеккеттік шығындарының құрамына мемлекеттік бюджеттің шығыстары, мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың, өндірістік және өндірістік емес сфералар мекемелерінің шығындары кіреді. Мем- лекеттік сектордың кәсіпорындары шығындарының құрамына мыналар кіреді:
- өндірістік, шаруашылық қызметпен байланысты шығындар; - ұлғаймалы ұдайы өндіріске жұмсалатын шығындар; - бюджетке төленетін төлемдер;
Басқа категориялардың арасында мемлекет шығындарының жайы мем- лекеттік меншіктің маңызы мен мемлекеттің қазіргі жағдайдағы ролі мен анықталады. Мемлекет шығындарының басым бөлігі қоғамдық та-уарды, игіліктерді және қызметтерді өндіруге немесе олармен халықты қамтамасыз етуге бағытталады, бұл мемлекет шығындарының ролін ай-қындайды.Бағыттары мен мақсаттары арналымы бойынша шығындар-дың барлық түрлерінің жиынтығы мемлекеттік шығындардың жүйесін құрайды. Мемлекет шығындарының басым бөлігі мемлекеттің бюджет қорында болады. Мемлекет шығындарының бір бөлігі салық төлемдері, займдардан түсетін түсімдер түріндегі халықтың қаражаттарымен жабылады. Мемлекеттік шығындарды қаржыландыру үшін банктердің ұзақ мерзімді несиелері тартылады.
Мемлекет шығындары ішкі және сыртқы займдар есебінен жабыла- ды.Мемлекеттің шығындарын ұйымдастыруға оларды болжау, сондай-ақ оларды қаржыландару мен қаражаттары арқылы қол жетеді.Сондық- тан мемлекеттің шығындарын ұйымдастыру қағидаларының бірі жос- парлық болып табылады. Мемлекеттік шығындарын жоспарлаудың басты әдісі-теңгерімдік әдіс.
Мемлекеттік шығындарды қаржыландырудың мақсаты сипаты мем-лекеттің қаражаттарын қатаң белгілі бір шараларға пайдалануды талап етеді. Мұның негізінде ұлттық шаруашылықтың және аймақтың жеке- леген салаларын арақатыстарға жету, қаржылардың ең алдымен ғылы- ми-техникалық прогресті айқындайтын неғұрлым перспективті және прогресивті салаларға бөлу аса маңызды әлеуметтік порблемаларды ше-шу қамтамасыз етіледі.
Мемлекеттің шығындарын қаржыландырудың қайтарусыз сипаты берілген ресурстарды тікелей төлеуді талап етеді; бұл пайдаланылатын қаржы ресурстарының тиімділігін арттырады.
Дамуды жоспарлар мен болжамдардың орындалуына қарай қаржы-ландыру қаржы ресурстарын тек өндірістік көрсеткіштер орындалғанда және шараларды экономикалық-әлеуметтік дамудың болжамдарына сәйкес жүзеге кезде бөлуді қажет етеді.
Ресурстарды пайдалануда үнем режимін сақтау- мемлекеттік шығын-дарды ұйымдастырудың маңызды қағидасы,ол ішкі резервтерді жұмыл-дыруға өндірістік және өндірістік емес сфералардың барлық бөлімде-рінде мемлекет қаражаттарына бақылауды күшейтүге, оларды ұтымды әрі құнды пайдалануға бағытталған.
Мемлекеттің шығындарын ұйымдастырудың қажетті қағидасы олар-ды жабудың бюджет, несие және меншікті көздерінің оңтайлы үйле-суі болып табылады.
Мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандырудың көздеріндегі, ны-сандарындағы және әдістеріндегі айырмашылықтар осыған байланысты болады.
Мемлекетттің шығындарын шектеудің (айырудың) аса маңызды крий- терийі материалдық өндіріс пен ұлттық табысты жасаудың процесінде олардың қатысы болып табылады. Осыған сәйкес мемлекеттік шығындар экономикалық мазмұны бойынша үш негізгі топқа бөлінеді: материялдық өзгеріспен тікелей байланысты және өндірістік сфераға жататын шығындар; қызметің өндірістік емес сферасындағы шығындар; үкіметтік резервтерді жасау шығындары;
Шығындардың бірінші тобы мемлекеттің шаруашылық қызметімен және ұлттық табысты жасаумен байланысты.
Мемлекет шығындарының екінші тобы қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін ұлттық табысты тұтынумен байланысты. Өнді-рістік емес сфераға жұмсалатын шығындар ең алдымен білім беру мен денсаулық сақтау мекемелерін ұстауға, ғылым мен мәдениетті дамы-туға, қоғамның барлық мүшелерін әлеуметтік қаржыландыруға бағыт-талады. Мемлекет сондай-ақ қаражаттарды қорғанысқа, мемлекеттік аппаратты ұстауға және мемлекеттік органдардың қызметімен байла-нысты басқа шараларға жұмсайды.
Үшінші топтың мемлекеттік шығындары резервтерді жасау мен мо-лықтыруға жұмсалатын шығындар өндірістік, сондай-ақ өндірістік емес сфералардың төтенше жағдайлар кезіндегі қажеттіліктерін қана-ғаттандыруға арналған.
Предметтік белгісі бойынша мемлекеттің шығындары экономикаға, әлеуметтік-мәдени шараларға, ғылымға, қорғаныс пен басқаруға жұмсалатын шығындарға бөлінеді.
Аумақтық белгісі бойынша мемлекеттің шығындары экономикалық аймақтар бойынша бөлінеді.
Салалық белгі бойынша материалдық өндіріс сферасында мемлекет-тік шығындар өнеркәсіпке,құрылысқа, ауыл шаруашылығына, көлік пен байланысқа жұмсалатын шығындарға бөлінеді.
Мемлекеттік шығындарды қарражаттарды ең жоғары тиімділікпен пайдаланған жағдайда мемлекеттік қажеттіліктерді неғұрлым толық қамтамасыз ету қажет. Осыған байланысты шаруашылық жүргізүдің ерекшеліктерімен анықталатын мемлекет шығындарын қаржыланды-рудың екі әдісі болады:
- Шаруашылық есептегі кәсіпорындар мен ұйымдарды қаржыланды-ру;
- Сметалық-бюджеттік қаржыландыру.
Айналысқа қолма-қол ақша шығару және несиелік эмиссия есебінен эмиссиялық қаржыландыру әдіс ретінде қолданылады. Бірінші жағ-дайда шығындар меншікті ресурстар, банк несиелері есебінен және жетіспеген бөлігі бюджет қаражаттары есебінен жасалынады.
Сметалық тәртіппен ерекше құжаттардың –сметалардың негізін-де әлеуметтік-мәдени шаралар, мемлекеттік билік пен басқару ор-гандарын ұстау, қорғаныс шығындары қаражаттандырылады.
Мемлекеттік бюджет
Кез келген елде мемлекеттік бюджет –жалпы мемлекіттік қаржы-лардың, сондай-ақ жалпы қаржы жүйесінің басты буыны болып табы-лады. Ол мемлекеттің басты кірістері мен шығыстарын біріктіреді.Бюд-жет арқылы барлық меншік нысандарының шаруашылық жүргізуші субьектілерінің қаражаттары және ішінара халықтың табысы жатады. Бұл ресурстар экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларды,басқа белгілерінен шараларды қаржыландыратын бюджеттің кірістерін құ-райды. Олар экономиканы,әлеуметтік-мәдени шараларды қаржыланды–руға, елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға,мемлекеттік басқару органда-рын ұстауға, жергілікті бюджеттерді қаржылық жағынан қолдауға, үкі-меттің боршты өтеуге, мемлекеттің материалдық және қаржы резерв-терін жасауға және басқаларға бағытталады.Сөйтіп, бюджетке қаржы ресурстарын шоғырландыру мен пайдалану мемлекеттің қаржы саяса-тын ойдағыдай жүзеге асыруға қызмет етеді. Бұл тұрғыдан бюджет эко-номикалық категория ретінде мемлекеттің өз міндеттерін жүзеге асыр-уына арналған және тиісті заңдарға сәйкес белгіленген салықтар мен өз-ге де кіріс көздерінің және түсімдердің есебінен есебінен құрылатын орталықтандырылған ақша қоры болып табылады. Бюджеттік қатынас-тар елдің осы бюджеттік қолрында сақталады.
Мемлекеттік бюджетте қоғамдағы барлық экономикалық процесстер бейнелетіндіктен, сондай-ақ барлық негізгі қаржы институттары-салық-тар, мемлекеттің шығындары, мемлекеттік несие, мемлекеттік займдар және т.б өзінің шоғырланған көрінісін табатынтықтан бюджет мемле-кеттің негізгі қаржы жоспары ретінде сипатталады. Ол нақты кезеңге, бір жылға жасалынады, бюджеттің кірістерін, шығыстарын, орталық-тандырылған қаржы ресурстарының шешуші бөлігінің қозғалысын анықтайды. Бюджетті негізгі қаржы жоспары деп мойындау оның ұлт-тық табысты қайта бөлудегі маңызды ролін айқындайды.
Мемлекеттік бюджет ұлттық экономиканы басқарудың басты меха- низмдерінің бірі.Ол экономикаға бюджеттік механизм арқылы ықпал етеді. Жалпы экономикаға ықпал етудің құралы ретіндегі бюджеттің ролі осында көрінеді. Экономиканы реттеу орталықтандырылған ақша қорының сандық көлемін анықтау, оны жасау мен бөлудің нысандары мен әдістерін реттеу, бюджеттің атқарылу процессінде қаржы ресурста-рын қайта бөлу жолы мен жүзеге асады. Ақырында, мемлекеттік бюд-жет мемлекет заңдарының бірі болып табылады.
Мемлекет бюджетінің экономикалық мазмұны, мәні мен маңызы ол орындайтын функцияларда неғұрлым анық көрінеді. Бюджеттің негізгі функциялары мыналар:
- ұлттық табыс пен жалпы ішкі өнімді қайта бөлу;
- экономиканы мемлекеттік реттеу және көтермелеу;
- әлеуметтік саясатты қаржымен қамтамасыз ету;
- ақшалай қаражаттардың орталықтандырылған қорын жасау және пайдалануға бақылау жасау;
Мемлекеттік бюджет- ұлттық табыс пен жалпы ішкі өнімді қайта бөлудің негізгі құралы. Бюджет арқылы жалпы ішкі өнімнің үштен бірі- не жуығы бөлінеді. Бюджет Қазақстанның бүкіл аумағында өндірістік күштерді неғұрлым ұтымды орналастырудың, экономика мен мәдениет-тікөтерудің талаптарын ескере отырып салааралық және аумақтық қай-та бөлу үшін пайдаланылады.
Нарықтық механизмге көшу жағдайында мемлекеттік бюджеттің қа-ражаттары ең алдымен экономиканың құрылымын қайта құруды, ке-шенді мақсатты бағдарламаларды қаржыландыруға, ғылыми –техника-лық әлеуетті арттыруға, әлеуметтік дамуды тездетуге және халықтың ең аз қамтылған жігін әлеуметтік қорғауға бағытталуы тиіс.
Шығындар мен салықтар арқылы бюджет экономика мен инвестиция- ларды реттеудің және көтермелеудің,өндіріс тиімділігін арттырудың маңызды тетігі болып табылады. Бюджет қаражаттарының әлеуметтік бағыттылығының зор маңызы бар, әлеуметтік саясаттағы басымдықтар –халықтың табысы аз жіктерін қолдану, денсаулық сақтау, білім беру және мәдениет мекемелерінің жұмыс істеп тұруы.
Қаржылық жоспарлау процессінде бюджет шаруашылық салаларына және өндірістік емес сфераның мекемелеріне айтарлықтай ықпал етеді. Мемлекеттің ақша қорын жасау және пайдаланудың негізгі қаржы жос-пары бола отырып,бюджет барлық кәсіпорындар мен және ұжымдармен байланысқан. Бюджеттік жоспарлау мен бюджеттің атқарылуы процес-сінде ұлттық шаруашылықтың қызметіне бақылау жасалынады. Нарық-тық механизмдерге көшу жағдайында ресурстарды жұмылдыру және оларды пайдаланну процессінде бюджеттік бақылаудың маңызы зор.
Бюджет жүйесі туралы заңға сәйкес бюджеттің құрылымы мыналар- дан тұрады:
- түсімдерден;
- шығыстардан және несиелеуден;
- бюджет тапшылығынан (профицитінен);
- бюджет тапшылығын қаржыландырудан.
Республикалық бюджеттің түсімдері кірістердің, ресми трансферттер-дің, бұрын бюджеттен берілген кредиттер бойынша негізгі борышты өтеудің, әкетілген тауарларға кеден баждарының және басқа түсімдер-дің есебінен құралады. Бюджеттің шығыстар бөлігі функционалдық топтардың шығындарын қаржыландыруға жұмсалады.
Бюджет тапшылығы шығыстар мен бюджеттен қайтарымдық негіз-де бөлінген кредиттер ауқымының бюджетке түсетін түсімдердің жал-пы сомасынан асып түсуін көрсетеді.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетінің басты бөлігі рес-публикалық бюджетке шоғырланған. Республикалық бюджет – бұл түсімдер мен бюджет тапшылығын қаржыландыру есебінен қалыптасты-рылатын және өзіне Қ.Р- ң Конституциясы мен жүзеге асыру үшін Үкі-мет анықтайтын республикалық бюджет бағдарламаларын қаржылан-дыруға арналған Қ.Р-ң заңы мен бекітілген орталықтандырылған ақша қоры.
Бюджеттің шығыстары- бұл бекітілген бюджет шегінде қайтарыл-майтын негізде бөлінетін қаражаттар. Республикалық бюджетте шығыс-тар мен кірістерінің жекелеген бағыттары бойынша немесе жекелеген республикалық бюджеттік шекті немесе тіркелген мөлшерін белгілеуге жол бермейді. Республикалық бюджеттің сыртқы экономикалық қыз-метпен байланысты және ұлттық валютаның айырбас бағамының жос-парланған өзгерісіне сәйкес белгіленген қаражаты ұлттық валютаның болінген кезңіндегі ресми айырбас бағамы бойынша жұмсалады.
Қорытынды
Жергілікті бюджеттің мәні, кірістері мен шығыстары
Жергілікті бюджет-бұл ұлттық табысты аумақтық тұрғыда қайта бө-луге мүмкіндік жасайтын және билік пен басқарудың жергілікті орган-дарының қаржы базасын жасауды қамтамасыз ететін экономикалық қа- тынастардың жиынтығы. Жергілікті бюджеттерді қалыптастыру мен пайдалану өндіріс пен айырбасқа қатысушылар арасындағы қозғалыс.
Қазақстан Республикасының жергілікті бюджетінің құрылымы об-лыстық бюджеттерді, қалалардың және аудандардың бюджеттерін қамтиды.
ҚР экономикасы дамуының қазіргі кезегінде реформа ауырпалы-ғының салмағы шаруашылықты жүргізудің аймақтық деңгейіне ауысып отыр, осыған орай басқарудың жергілікті органдарына үлкен өкілеттік беріліп отыр. Білім беру мен денсаулық сақтау саласындағы бағдарла-маларға, әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі іс шараларды және атау- лы әлеуметтік шығындар бюджеттерге жіктеліп отыр. Сонымен бірге бюджеттерде соңғы кездері “бюджет бөлінісі” және әлеуметтік жеңіл-діктердің орнына қаржылай жәрдем ақы беріледі.
Қазақстан Республикасындағы бюджеттер арасындағы қарым-қаты-настардың жүйесі қалыптасу мен даму стадиясында тұр, оның оптимал-ды механизмі іздестірілуде.
Қазақстан Республикасының Үкіметі, жергілікті атқарушы органдар тиісті бюджеттердің атқарылуы туралы бұқаралық ақпарат құралда-рында тоқсан сайынғы есептерді жариялап отырады.
Қазақстанда басқаруды орталықсыздандыру мемлекеттік басқару мен бекітіліп берілген міндеттерді жүзеге асыру үшін жергілікті бюд-жет дербестігі арасында шығыстар бойынша жауаптылықты неғұрлым байыпты бөлуді қажет етеді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Указ Президента Республики Казахстан, имеющий силу закона, от 04.95 № 2235 «О налогах и других платежах в бюджет».
- Закон Республики Казахстан № 355-1 ЗРК от03.99 «О внесении изменений и дополнений в Указ Президента, имеющий силу закона, «О налогах и других обязательных платежах в бюджет» № 2235 от 24.04.95».
- Закон РК № 357-1 ЗРК от04.00 "О бюджетной системе".
- Закон РК № 359-1 ЗРК от04.00 "О внесении изменений и дополнении в Закон РК "О республиканском бюджете на 2001 год".