Экономика
Жаңа оқу жылында колледждер мен жоғары оқу орындары экономиканың сұранысына бейімделеді
Алматы. 29 қыркүйек. 7kun.kz - Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев жаңа оқу жылын «колледждер мен жоғары оқу орындарының мамандарды дайындауда жауапкершілігін арттыратын жыл» деп атады. Бұл туралы ortcom.kz хабарлады.
«Жоғары білімге енгізілетін өзгерістің көпшілігі колледжерге де қатысты болады. Өткен 2-3 жылда ең ірі білім платформасы болғандықтан және сол кезеңде түбегейлі шешімдерді талап еткендіктен орта білімге баса назар аударылды. Биыл – еңбек нарығына маман дайындайтындардың қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыратын жыл», - деді Ерлан Сағадиев.
Ол сондай-ақ, Мемлекет басшысының тапсырмасымен «баршаға тегін ТжКБ ( техникалық және кәсіптік білім-ред.) аясында мемлекеттік тапсырыспен оқитын студенттер үлесі 54% ұлғайғанын атап өтті. Бұл соңғы 5 жылдан бері жалғасып келген колледжде білім алушылар санының азаю трендін тоқтатқан.
«Білім туралы» Заңға ТжКБ бөлігі бойынша толықтырулар енгізілген. WorldSkills талаптарының негізінде мазмұнды жаңарту үшін 246 мамандық бойынша модульдік бағдарламалар жасақталған. Бұлардың бағдарламалық мазмұны мен күтілетін құзіреттіліктер жұмыс берушілермен келісілген.
«Енді белсенді түрде іске қосып, жаңа бағдарламаларға толықтай өту керек», - деді білім министрі.
Оның айтуынша Қазақстан WorldSkills бойынша үш халықаралық чемпионтқа қатысып, 2017 жылы БАӘ-де 77 елдің ішінде 24 орынға ие болған. Бұл 2 жылдың ішінде +26 орын.
«Яғни жаңа бағдарламалар нәтиже бере бастайды. Соңғы екі жылда біз ТжКБ жүйесіне қажетті шетелдік 500 маңызды оқулықты аудардық. Арнайы мамандықтар бойынша оқыту осыларға негізделеді. 10 мыңға жуық мұғалім мен мастерлерді жаңа мазмұн бойынша оқыттық. 5 200 биыл, 5 200 келесі жылы оқытылады»,-деді министр.
Ерлан Сағадиев колледждер жаңа бағдарлама, оларды түсінетін ұстаздар мен базалық оқулықтармен қамтылатынына сенім білдірді.