Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Жұмыс істей алатындарды неге мемлекет асырауы тиіс? – Бектенов

Жұмыс істей алатындарды неге мемлекет асырауы тиіс? – Бектенов

Премьер-министр Олжас Бектенов Сенат отырысында бюджет шығыстарын оңтайландыру туралы сұраққа жауап беріп, әлеуметтік қолдау жүйесіне қатысты ұстанымын нақтылады.

Оның айтуынша, алдағы үш жылдық бюджетте базалық шығыстар 15%-дан 12%-ға қысқартылғанымен, әлеуметтік саладағы жүктеме әлі де жоғары. Қазіргі таңда әлеуметтік жәрдемақылар мен түрлі қолдау шаралары мемлекеттік бюджеттің 60%-ын құрап отыр.

«Бұрын бұл көрсеткіш 40%-дан асатын. Қазір біз оны 38%-ға дейін төмендеттік. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасады», – деді Бектенов.

Сонымен қатар, ол әлеуметтік көмекті тек шын мәнінде жұмыс істеуге мүмкіндігі жоқ азаматтар алуы тиіс екенін атап өтті:

«Жұмыс істей алатын адам жұмыс істеуі керек. Мемлекет оларды қамқорлығында ұстамауы керек және ұстамайды да», – деді премьер-министр.

Ұқсас материалдар