Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Жүргізуші куәлігіне қатысты талап өзгереді

Жүргізуші куәлігіне қатысты талап өзгереді

Қазақстан аумағында 2026 жылдың 25 мамырынан бастап жүргізуші куәліктерін рәсімдеу тәртібіне жаңа өзгеріс енгізіледі.

Жаңа ережеге сәйкес, жүргізуші куәлігінің «Ерекше белгілер» бөлімінде емтиханның қандай беріліс қорабымен – механикалық немесе автоматты трансмиссиямен тапсырылғаны енді көрсетілмейді.

Осылайша, жаңа үлгідегі куәлік алған азаматтар механикалық та, автоматты қорабы бар көліктерді де еркін басқара алады.

Бұған дейін автоматты беріліс қорабымен емтихан тапсырған жүргізушілерге механикалық трансмиссиялы көлік жүргізуге шектеу қойылатын. Бұл ақпарат жүргізуші куәлігінің арнайы бөлімінде белгіленіп келген.

Жаңа өзгеріс күшіне енгеннен кейін мұндай шектеу жойылады. Дегенмен қазіргі қолданыстағы куәліктерінде арнайы белгісі бар азаматтар үшін ескі талап құжат мерзімі аяқталып, жаңа куәлік алынғанға дейін сақталады.

Ұқсас материалдар