Жаңалықтар
Журналист, тележүргізуші Нұртілеу Жылқышыбай "Информбюроның" басшысы болып тағайындады
Айта кетейік, бұған дейін "Информбюро" ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар департаментін басқарған Ержан Жүнісов Almaty Aqparat медиахолдингінің басшысы болып тағайындалды.
Нұртілеу Жылқышыбай әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Кейін "Медиадизайн" мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған.
Кәсіби еңбек жолын республикалық КТК телеарнасында тілші болып бастаған. Кейін "31 арна" ұжымына қосылып, қоғамдық-саяси және әлеуметтік тақырыптарда репортаждар әзірледі. "Информбюро" ақпараттық бағдарламасында тілші әрі жүргізуші болып жұмыс істеді. Одан кейін бағдарламаның шығарушы редакторы қызметіне ауысып, эфир мазмұнын қалыптастырумен қатар, жаңалықтар өндірісін ұйымдастыруға және ақпараттық күн тәртібін айқындауға жауапты болды.
Телеарнаның хабарлауынша Нұртілеу Жылқышыбай "Информбюро" ақпараттық бағдарламасын жүргізуді жалғастырады.





