
Америкалық Time журналы әлемдегі ең ықпалды 100 адамның жыл сайынғы тізімін жариялады.
Дәстүр бойынша тізім алты санатқа бөлінген: «Әртістер», «Иконалар», «Титандар», «Көшбасшылар», «Инноваторлар» және «Пионерлер».
2025 жылы журналдың мұқабасында «Субстанция» фильміндегі рөлі үшін «Оскар» номинанты, актриса Деми Мур, британиялық әнші Эд Ширан, танымал теннисші Серена Уильямс, әйгілі рэпер Снуп Доггтың суреттері жарияланды.
Әлемдік көшбасшылар мен саясаткерлер арасында АҚШ президенті Дональд Трамп, Space X компаниясының негізін қалаушы және Трамптың аға кеңесшісі Илон Маск, АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс, Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер, Кіші Роберт Фрэнсис Кеннеди және басқа да танымал тұлғалар бар.
«Көшбасшылар» санатына Facebook негізін қалаушы Марк Цукерберг, Netflix бас директоры Тед Сарандос, Delta Air Lines әуе компаниясының бас директоры Эд Бастиан, DeepSeek компаниясының иесі Лян Вэньфэн енді.
Атап өтетіні, Дональд Трамп аталмыш рейтинг қатарынан жетінші рет табылып, осылайша рекорд орнатып отыр. Бұдан басқа Илон Маск аталған тізімге алты рет, Марк Цукерберг бес рет, ал Серена Уильямс, Лорн Майклс пен Симона Байлз үш рет енген.
Төрткүл дүниедегі ең ықпалды жас адам – 22 жастағы француздық жүзуші Леон Маршан, ал ең егде жастағысы – Бангладештің уақытша үкіметінің басшысы, 84 жастағы Мұхаммед Юнус.