Сәуірде теңгенің биржалық бағамы 1 доллар үшін 443,85 – 472,81 теңге аралығында болды

бағамы
Фото: kapital.kz

Сәуір соңында теңгенің АҚШ долларына қатысты биржалық бағамы бір айда 4,6%-ға нығайып, 1 АҚШ доллары үшін 445,62 теңге болды, деп хабарлады Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

Теңге-доллар валюта жұбы бойынша операциялардың жалпы көлемі бір айда 11,6 млрд АҚШ долларын құрады, оның ішінде Қазақстан қор биржасындағы биржалық сауда-саттық көлемі – 1,9 млрд АҚШ доллары, биржадан тыс валюта нарығындағы операциялар көлемі – 9,7 млрд АҚШ доллары болды.

Биржадан тыс нарықтағы операциялардың жалпы көлемінде бір еншілес банктің үлесі 70,4% немесе 8,2 млрд АҚШ долларын, бұл олардың меншікті капиталды валюталық тәуекелдерден хеджирлеуіне байланысты болды.

Сәуірде халық нетто-негізде 226,1 млрд теңгеге балама сомаға қолма-қол шетел валютасын сатып алды.