![Теңге құнының құлдырауына негіз жоқ](/uploads/posts/1718885665_m96otVO7IM5fzp_QBpYgE3Xifriui9V6/image/post7.jpeg)
Алматы. 20 наурыз. 7kun.kz - Валюта нарығында жағдай тұрақты және теңге курсының төмендеуіне негіз жоқ. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.
Хабарламада Қазақстанның Ұлттық банкі мен екінші деңгейлі банктерде тұрғындар мен ұйымдардың сұранысын қанағаттандыратын көлемде қолма-қол валюта бары айтылған.
Сондай-ақ, Ұлттық банк теңгенің биржалық курсын қолдаудың барлық шараларын қабылдайды және қысқамерзімді толқулар болса, оны реттей алады.
Қазіргі кезде теңгенің ағымдағы курсы тұрақты және күнделікті бағам биржада Ұлттық банктің қатысуынсыз қалыптасуда. Сыртқы және ішкі экономикалық секторлар теңге бағасының тұрақтылығына әсер етуде.
"Қазіргі кезде валюта нарығында алаңдауға және дүрбелеңге негіз жоқ. Ұлттық банк елдегі айырбастау пункттеріндегі жағдайды бақылап отыр. Валюта айырбастау кезінде бағамды өсіруге бағытталған алыпсатарлық әрекеттерді байқасаңыздар Ұлттық банктің филиалдарына хбарласуды ұсынамыз", делінген хабарламада.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024