Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Алматыда SANA FOUNDATION тұсаукесері өтті

Алматыда SANA FOUNDATION тұсаукесері өтті

Алматыда «Жақын» атты жабық кешінің аясында SANA FOUNDATION презентациясы өтті, деп хабарлайды 7kun.kz.

Аталмыш қор жобаларын тамыз айының 15 жұлдызында 300 қатысушы мен 50-ге тарта сарапшының басын қосқан, қазақ тіліндегі тұңғыш бизнес форумы негізінде бастаған болатын. Алдағы уақытта жобалар санын арттырып, үзақ мерзімді жұмыс жасауды жоспарлап отыр.

Жоба идеясының авторының бірі, белгілі экономист ғалым Мақсат Халық алға қойып отырған миссияға қол жеткізу үшін маусымдық форуммен ғана шектелмеу керек екендігін айтты:

«Осыған дейін Алаш идеясын басшылыққа алатын жаңа экономикалық модель керегін айтқан болатынмын. Бірақ қазақ кәсіпкерлігін бір ғана форуммен жаңа деңгейге шығару мүмкін емес. Ол үшін тұрақты да жүйелі қызмет атқару керек. Осы қор сол мақсатта жұмыс жасамақ».

Жоба өкілдерінің айтуынша қор ағартушылықты трендке айналдыра отырып, зияткер тұлғаларды қалыптастыруды мақсат етеді.

Шара креативті экономика өкілдерінен бастап, тұлғалық даму академиялары, медициналық және спорт кәсіпкерлігіне дейін айтулы жоба жасап жүрген азаматтар мен азаматшалар қатысқан интеллегенциялардың басын қосты.

Олардың қатарында: HR маманы, Centras Insurance Company басқарушы директоры Айгүл Қуатқызы, 91 тобы және Yenleak, Мирас Жүгінісов бренд менеджері Азамат Демеген, «Kex Group» компаниясының серіктесі, кәсіпкер АИГА , Грэпплинг Қазақстан Федерациясының президенті Аманбай Ибадулла, 7 тіл білетін полиглот, Jetil.kz негізін қалаушы Мади Фазл мен медиа, коммуникация маманы Ербол Азанбек, Octagon Promotion президенті Нұраддин Садықов, кәсіпкер Мейірбек Жұмабеков т.б. мамандар болды.

Таныстырылымда айтылғандай SANA FOUNDATION алдағы уақытта Sanaly Urpaq, Sana Media, Sana Consulting, Business Workshop және Sana Analytics сынды басқа да бағыттар бойынша жұмыс жасамақ.

Ұқсас материалдар