Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қазақстан мұнайы қымбаттады

Қазақстан мұнайы қымбаттады

Reuters агенттігінің мәліметінше, Таяу Шығыстағы әскери қақтығыстар салдарынан туындаған шикізат тапшылығы аясында қазақстандық мұнай бағасы айтарлықтай өскен.

Дереккөздерге сүйенсек, наурыз-сәуір айларына арналған CPC Blend мұнайы Brent маркасына қарағанда барреліне 1-2 доллар үстемемен сатылып жатыр. Бұған дейін қазақстандық мұнай Brent бағасынан шамамен 5 долларға дейін төмен бағамен ұсынылатын.

Сарапшылардың пікірінше, бағаның көтерілуіне Жерорта теңізі мен Еуропа нарықтарында Каспий мұнайына сұраныстың артуы әсер еткен. Геосаяси тұрақсыздық жағдайында CPC Blend еуропалық өңдеушілер үшін негізгі шикізат көздерінің біріне айналып отыр.

Сонымен қатар, экспортта белгілі бір тәуекелдер сақталуда. Оған қолайсыз ауа райы, Теңіз кен орнындағы техникалық мәселелер және Ресейдегі Новороссийск портындағы инфрақұрылымдарға жасалған дрон шабуылдары әсер етуде. Өткен жылдың соңында болған шабуылдардан кейін Қазақстанда мұнай өндірісі шамамен 6%-ға қысқарған.

CPC Blend – Қашаған, Қарашығанақ және Теңіз кен орындарында өндірілетін мұнай қоспасы. Ол Каспий құбыр консорциумы арқылы халықаралық нарыққа экспортталады.

Трейдерлердің болжамынша, Каспий аймағындағы мұнай бағасы алдағы уақытта жоғары деңгейде сақталуы мүмкін, алайда оның тұрақтылығы әлемдегі геосаяси жағдайға тікелей байланысты болады.

Ұқсас материалдар