12 млрд. доллардан астам қаржы жымқырған кәсіпкер әйел өлім жазасына кесілді
Хошимин қаласының соты вьетнамдық девелопер Van Thinh Phat Group директорлар кеңесінің төрағасы Чыонг Ми Ланды өлім жазасына кесті, деп жазады bloomberg жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.
Чыонг Май Лан пара алды, билікті асыра пайдаланды, шенеуніктерді сатып алды, банктік кредит беру ережелерін бұзды, деп айыпталған. Ең негізгі айып 2018 жылдың ақпан айынан бастап 2022 жылдың қазан айы аралығында Saigon Commercial Bank-тің (SCB) $12 млрд жымқыру. FT оның алаяқтығын Вьетнам тарихындағы ең үлкен деп жазады.
68 жастағы миллиардер 2022 жылы алаяқтық ісі бойынша қамауға алынған. Бұл банк клиенттері арасында дүрбелең туғызып, салымшылар қаражаттарын жаппай ала абстаған. Бұдан кейін Орталық банк SCB-ді өз бақылауына алды. Сот процессі наурыз айында басталды. Оның ауқымы талайды таңқалдырады. Құжаттардың жалпы салмағы 6 тонна, айыпталушылар қатарында 60 адам, куәгерлер саны мыңнан асады.
Ланның өзі кінәсін мойындамаған. Бірақ, SCB шығынын орнына жабу үшін өзінің бірнеше активін алуды ұсынған.