«7-20-25» ипотекалық бағдарламасының 2024 жылғы бюджет лимиті де 2023 жылғымен бірдей бекітілді, яғни 100 млрд теңгеден асырмау туралы шешім қабылданды.
ҚҰБ Қаржы ұйымдарын дамыту департаменті директорының орынбасары Ержан Ахметалидің айтуынша тоқсан сайын 25 млрд теңгеден бөлінді. Бұл шешім жылдың қай уақытында болмасын тұрғын үй сатып алуды жоспарлаған азаматтардың жеңілдікпен несие алуына жағдай жасайды.
"Тепе-теңдікті сақтау мақсатында осы бағдарлама аясында 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап берілген ипотека қарыздарын талап ету құқығын сенімгерлік басқарғаны үшін алатын банктердің сыйақысын жылдық 3%-дан 2,5%-ға дейін төмендету туралы шешім қабылданды", дейді Ержан Ахметқали.
Айта кетейік, 2023 жылдың 28 желтоқсанындағы жағдай бойынша, «7-20-25» бағдарламасын іске асыру аясында 974,1 млрд теңгеге 71 699 қарыз берілген.