Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

2025 жылғы ең қауіпсіз Қытай автокөліктері қандай?

2025 жылғы ең қауіпсіз Қытай автокөліктері қандай?

Еуропалық Euro NCAP қауымдастығы 2025 жылдың қорытындысы бойынша ең қауіпсіз Қытай автомобильдерінің бестігін атады.

Euro NCAP қауымдастығы 33 қытай көлігін сынақтан өткізіп, тізімін жариялады. Айта кетейік, тізімдегі 30 автокөлік (барлығы 33 автокөлік) ең жоғары баға бес жұлдыз алды. Қалған сынақтан өткен модельдер 3 және 4 жұлдызбен бағаланды. Бұл статистика қытай автомобильдерінің орташа қауіпсіздік деңгейі басқа елдердегі ұқсас модельдерінен кем емес екенін көрсетеді.

Қытай өндірісіндегі ең қауіпсіз автомобиль ретінде Nio компаниясының Firefly EV электрлі хэтчбегі танылды. Ол ересек жолаушылардың қауіпсіздігі бойынша рекордтық 96% нәтижені көрсетті. Балалар-жолаушыларды қорғау деңгейі 87% деп бағаланды. Ал жол қозғалысының осал қатысушыларын қорғау және белсенді қауіпсіздік ассистенттері тиісінше 82% және 86% көрсетті.

Бір қызығы, барлық сыналған әлемдік автокөліктер арасындағы жалпы есепте Firefly EV үшінші орынды иеленді. Одан жоғары нәтижені тек Mercedes-Benz CLA мен Tesla Model 3 көрсетті. Firefly EV — өлшемдері 4003 × 1781 × 1557 мм болатын ықшам хэтчбэк. Ол 143 ат күшіне ие электрқозғалтқышпен жабдықталған. Батареяның толық заряды WLTP циклі бойынша 330 км жүріс қорығын қамтамасыз етеді.

Рейтингте екінші және үшінші орындарды Smart #5 кроссовері мен BYD Seal 6 седаны бөлісті. Формалды түрде Smart неміс бренді болып саналса да, марканың заманауи автомобильдерін әзірлеу мен өндіру Қытайда Geely компаниясының күшімен жүзеге асырылады. Үздік бестікті Leapmotor B10 және Lynk & Co 02 (Z20) аяқтады.

Ұқсас материалдар