2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда зейнетақы мен әлеуметтік төлемдер орташа есеппен 10%-ға көбейеді.
Бұл туралы Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің өкілдері хабарлады.
Жаңа жылда негізгі әлеуметтік көрсеткіштер мынадай болады:
-
АЕК – 4 325 теңге
-
Ең төменгі зейнетақы – 69 049 теңге
-
ЕТКД – 50 851 теңге
-
Базалық зейнетақы – 35 596 теңге
-
Ең төменгі жалақы – 85 000 теңге
Мүгедектігі бар азаматтарға берілетін жәрдемақылар да артады. Мысалы, 1-топ үшін жәрдемақы 111 873 теңге көлемінде белгіленеді. Сондай-ақ бала тууға, көпбалалы аналарға, жұмысынан айырылу және асыраушысынан айырылу бойынша төлемдер де ұлғайтылады.
Өзгерістер "2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң аясында жүзеге асады.





