Бұл мақсатта саланы дамыту бойынша бірқатар шара қабылданды. Мәселен, аграрлық-өнеркәсіптік кешенді жеңілдікпен қаржыландыру көлемі өсіп, субсидиялау жүйесі реформалануда.
Ауыл шаруашылығы техникасы өндірісі мен лизинг көлемі де артып келеді. Жыл басынан бері астық экспорты едәуір өскен. Атап айтқанда, арпа, жасымық және жүгері тасымалының бірнеше есеге артқаны байқалады. Қазақстандық арпаны Иран соңғы екі айда сегіз есе өсіммен қайта импорттай бастады. 10 айда арпаның экспорттық тасымалы 710 мың тоннаны құрап, 69%-ке өсті. Сонымен қатар биыл Қазақстан Қытайға май өнімдерін экспорттау бойынша рекорд жаңартып, 250 млн долларға жеткізуді көздеп отыр.
ҚР АШМ Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу департаментінің директоры Назгүл Хатипова: «Жалпы біздің астықтарның ең негізгі дәстүрлі түрде импорттайтын елдердің қатарына қазір Орталық Азия елдері, Өзбекстан Түркіменстан, Тәжікстан, сонымен қатар қазір Қытай нарығы да біздің астықты өте көп көлемде импорттайтын елдердің қатарына қосылып жатыр. Бидайдың ең көп көлемі, яғни 3,5 млн тоннаға жуығы Өзбекстанға кетеді», – деді.