Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Абай облысында агробизнеске бөлінген 250 млн теңге жымқырылған

Абай облысында агробизнеске бөлінген 250 млн теңге жымқырылған

Абай облысында агробизнеске арналған мемлекеттік қаражатты заңсыз пайдалану дерегі бойынша тергеу аяқталды.

Істі Қаржылық мониторинг агенттігі прокуратураның үйлестіруімен жүргізген.

Тергеу мәліметінше, «Агробизнес» бағдарламасы аясында фермерлерге берілетін жеңілдетілген несиелерді «Ықыбай» шаруа қожалығының басшысы заңсыз рәсімдеген. Ол жалған құжаттар арқылы ірі қара мал сатып алу мақсатында жалпы сомасы 250 млн теңгеден асатын екі несие алған.

Алайда бөлінген қаражат ауыл шаруашылығын дамытуға жұмсалмаған. Құжатта көрсетілген мал мен кепіл мүлкі іс жүзінде болмаған, ал қаражат жеке мақсаттарға пайдаланылған.

Нәтижесінде мемлекетке 211 млн теңге көлемінде шығын келтірілген. Тергеу барысында күдікті келтірілген залалды толық өтеген.

Қазіргі уақытта оған қатысты елден шықпау туралы бұлтартпау шарасы қолданылып, қылмыстық іс сот қарауына жолданды.

Ұқсас материалдар