Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

АЭС салатын елдердің тізімі маусымда анықталады

АЭС салатын елдердің тізімі маусымда анықталады

Қазақстан атом электр стансасын салу үшін қай елдермен жұмыс істейтіні мамыр-маусым айында айтылады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде АЭС құрылысын тездетуді тапсырған еді. Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында Энергетика министрлігі өкілі АЭС салатын елдердің тізімі қашан белгілі болатынын айтты. 

«Президенттің тапсырмасымен министрлік әлеуетті вендорлармен тиісті келіссөз жүргізіп жатыр. Сондықтан осы жылдың бірінші жартыжылдығында, мамыр-маусым айларында әлеуетті вендорлар туралы ақпарат болып қалады. Қай елдермен жұмыс істей бастайтынымызды айтамыз», – деп жауап берді энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов.

Ол АЭС құрылысы үшін консорциум құрылатынын тағы бір мәрте растады. Қазір Ресей, Қытай, Оңтүстік Корея және Франциямен келіссөз жүріп жатыр.

Ұқсас материалдар