Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Алаяқтыққа қарсы іс-қимыл: төлем жүйелеріндегі бақылау күшейтіледі

Алаяқтыққа қарсы іс-қимыл: төлем жүйелеріндегі бақылау күшейтіледі
Ұлттық банк қаржы нарығындағы қауіпсіздік деңгейін арттыру және алаяқтыққа қарсы іс-қимыл шараларын күшейтуге бағытталған қаулы жобасын «Ашық НҚА» порталында қоғамдық талқылауға жариялады.

Жобаның мақсаты – қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстатуға, терроризмді қаржыландыруға қарсы күресті күшейту және күмәнді төлемдерді ертерек анықтау. Қабылданса, Ұлттық банктің Антифрод-орталығы қатысушыларының құрамы кеңейіп, деректер алмасу тиімділігі артады, бұл транзакцияларды бұғаттау мен тәуекелдерді басқаруды жеделдетеді.

Әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан, азаматтардың қаржы қаражатының қауіпсіздігі артып, қаржы ұйымдарына сенім нығаймақ. Сонымен қатар, алаяқтық операциялардың азаюы және цифрлық қаржы қызметтерін қауіпсіз пайдалану мәдениеті күшейеді.

Құжат ұлттық заңнамамен, соның ішінде «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» заңмен сәйкес келеді және төлем ұйымдары, банктер мен байланыс операторлары арасындағы өзара іс-қимылдың бірыңғай регламентін бекітеді.

Ұқсас материалдар