Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды

Алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды
Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА) азаматтарды алаяқтардың жаңа айла-тәсілдерінен сақ болуға шақырды. 

Агенттіктің мәліметінше, алаяқтар орта және жоғары оқу орындарында, сондай-ақ мемлекеттік мекемелерде тексеріс жүргізіліп жатқаны туралы жалған хабарламалар таратады.

Олар сенім ұялату үшін ҚМА-ның жалған логотиптері мен мөрлері бар бланкілерді пайдаланып, құжаттар ұсынуды немесе «ынтымақтастыққа» шақыруды талап етеді.  Кейін өздерін агенттік қызметкері ретінде таныстырып, азаматтарға хабарласып, банк шоттары туралы мәліметтерді алдап алуға тырысады.

Сонымен қатар жалған ҚМА өкілдері мессенджерлер арқылы «тексеріліп жатқан тұлғалар тізіміне енгізілгенсіз» деп хабарлап, ақша бопсалау жағдайлары да тіркелген. 

Азаматтардың шағымдарында жиі қайталанатын тектер: «Мықтыбаев», «Хамзин», «Жалымов», «Жалымбетов».

Қаржылық мониторинг агенттігі ресми түрде хабарлайды:

– мұндай тексерістер жүргізбейді;
– ресми хабарлама жібермей, телефон арқылы жеке деректерді сұрамайды;
– жеке тұлғаларға қоңырау шалмайды;
– ақша аударуды талап етпейді;
– тек заң аясында әрекет етеді.

Агенттік азаматтарды сақ болуға, арандатушылық пен алаяқтардың айласын елемеуге шақырды.

Күмән туған жағдайда 1458 нөмірлі Call-орталығына немесе +7 (727) 279-20-86 нөмірі бойынша кезекші бөлімге хабарласу қажет.

Ұқсас материалдар