Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Алматы облысында биыл 435 мың гектар жерге егін егіледі

Алматы облысында биыл 435 мың гектар жерге егін егіледі

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков Алматы облысына жұмыс сапары аясында өңірдің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесіп, кеңес өткізді.

Онда 2026-2030 жылдарға арналған мал шаруашылығын дамытудың кешенді жоспары қаралды. Бұл құжат саланың дамуына жаңа серпін беріп, алдағы бес жылға арналған өсім бағытын айқындауды көздейді. Жоспарда шаруашылықтардың технологиялық деңгейін және өнімділігін арттыруға, сондай-ақ өндіріс тізбегінің барлық кезеңінде қаржы көздеріне қолжетімділікті кеңейтуге басымдық берілген. Жоспарды іске асыруға 400 миллиард теңгеден астам қаражат қарастырылған.

Вице-министр биыл егіс алқаптарын әртараптандыру жалғасатынын атап өтті. Еліміз бойынша болжанған 23,8 миллион гектар жалпы егіс көлемінің, 435 мың гектары осы облысқа тиесілі. Өңірде майлы дақылдар мен жүгері алқаптарын ұлғайту жоспарланған, сонымен қатар бидай (35,8 мың гектар), мал азықтық дақылдар (204 мың гектар), майлы дақылдар( 24,5 мың гектар), жүгері(58 мың гектар) сияқты негізгі дақылдар бойынша тұрақты көлем сақталады.

Кеңес барысында ауыл шаруашылығы саласын мемлекеттік қолдау тетіктеріне ерекше назар аударылды.

Көктемгі егіс жұмыстарына арналған жеңілдетілген несие беру аясында Алматы облысында 30 фермерге 6,2 миллиард теңге көлемінде қолдау көрсетілді.

Ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдетілген лизинг арқылы алу бағдарламасы бойынша 2026 жылы қаржыландыру көлемі 300 миллиард теңгеден асады. Жыл басынан бері жалпы сомасы 169 миллиард теңгеге 2 630 өтінім түскен, оның ішінде Алматы облысы бойынша 2,6 миллиард теңгеге 94 өтінім бар.

Ұқсас материалдар