
Алматы қаласында 1 ақпаннан бастап суық су мен кәріз қызметтерінің тарифтері өседі.
Жаңа тарифтер келесідей белгіленді:
Жаңа тарифтер келесідей белгіленді:
- Сумен жабдықтаудың орташа тарифі – 135,24 теңге/м³.
- Су айдауға – 83,54 теңге/м³.
Халық үшін базалық тариф:
- Сумен жабдықтау – 91,96 теңге/м³.
- Су айдауға – 83,54 теңге/м³.
Бұл өзгерістер басқа тұтынушылар мен бюджеттік ұйымдарға да қатысты болады. Орташа тұтынушылар үшін есептелген жаңа төлемдер:
- 32 м² бір бөлмелі пәтер үшін су – 156 теңге, кәріз қызметі – 139 теңге (барлығы 295 теңге);
- 48 м² екі бөлмелі пәтер үшін су – 234 теңге, кәріз қызметі – 208 теңге (барлығы 450 теңге);
- 88 м² үш бөлмелі пәтер үшін су – 312 теңге, кәріз қызметі – 278 теңге (барлығы 600 теңге).