Алматыдағы Наурызбай ауданының мыңдаған тұрғыны тұрақты газбен қамтамасыз етіледі
Мегаполис басшысы Ерболат Досаев жұмыс сапары барысында Алматының Наурызбай ауданында газбен жабдықтаудың магистральдық желінің құрылыс барысымен танысты.
Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының тапсырысымен қарқынды дамып келе жатқан Наурызбай ауданында ұзындығы 6,7 км жаңа жоғары қысымды газ құбыры салынады.
Биыл ақпанда мердігер «Akbars stroy Ltd» ЖШС-мен шарт жасалды.
Алматы әкіміне жұмыстардың жоспар бойынша жүргізіліп жатқаны баяндалды: қазір «Alma City» ТҮК аумағында 168 м құбыр төселді, Алатау даңғылында траншеялық жұмыстар жүргізілуде, онда 825 м құбыр төселді, Сәбденов көшесінде тесу әдісімен 96 м газ құбыры тартылды.
Ерболат Досаев болашақта іркілістерді болдырмау үшін ауданның болашағы зор құрылысын ескере отырып, газбен жабдықтау желілерін салу қажеттігін атап өтті.
Жаңа магистральдық газ құбырын іске қосу жеке жеткізуші қызмет көрсеткен қалаға қосылған аумақ тұрғындарының көпжылдық мәселесін шешеді.
Сондай-ақ, «Alma City», «Елім-ай 4» ТҮК, «Елисей алаңдары» КҚ және болашағы зор құрылыс сынды жаңа құрылыстардағы 3 мың адам тұрақты газбен қамтылады.
Құрылыс 2024 жылдың қазан айында аяқталады деп болжанып отыр.
Жалпы, Алматыда газ тарту деңгейі 99,4%.