Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

АҚШ-та әйгілі инвестор қайтыс болды, қазақстандық жас инвестор қыз зорлағаны үшін сотталды

АҚШ-та әйгілі инвестор қайтыс болды, қазақстандық жас инвестор қыз зорлағаны үшін сотталды

Белгілі инвестор, Berkshire Hathaway Inc инвестициялық компаниясының вице-төрағасы Чарльз Мангер 99 жасында қайтыс болды.

Уоррен Баффеттің «оң қолы» сейсенбіде Калифорния ауруханасында көз жұмған. 2024 жылдың 1 қаңтарында Мунгер 100 жасқа толар еді.

«Мунгер, Баффеттің ұзақ жылдардан бергі серіктесі, Беркширдің ең ірі акционерлерінің бірі болды. Оның компаниядағы үлесі 2,2 миллиард долларға бағаланады, ал оның бүкіл байлығы 2,6 миллиард долларды құрайды», деп жазды Forbes.

Баффет сенімді серігінің қазасы туралы мәлімдеме жасап, «Berkshire Hathaway Чарлидің шабыты, даналығы және қатысуынсыз өзінің қазіргі мәртебесіне жете алмас еді», - деді.

Ал Қазақстанда трейдер әрі инвестор 5 жылға сотталған. Qaz365.kz сайтының жазуынша инвестор 2022 жылдың желтоқсанында 27 жастағы қызды зорлаған.

«Тергеу барысында блогер қашып кетпек болып, Қордайдағы Қырғызстан шекарасында ұсталған. Ал қамауға алынғаннан кейін іс материалдары сотқа жіберіліп, өз кінәсін мойындаған. Бірінші сатыдағы сот оны ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабының 1-тармағы бойынша кінәлі деп таныған. Сөйтіп, бес жылға бас бостандығынан айырып, жәбірленушіге талап арызы үшін 3,1 миллион, моральдық шығын үшін тағы 3 миллион төлеуге міндеттеді», деп жазады сайт.

Ұқсас материалдар