![Астанада әскери шеру өткізуге 2,5 млрд теңге бөлінді](/uploads/posts/1739360209_UpO6lCRtHIfJlpmaq3hqfXuyOGnLWE4B/image/post7.jpeg)
Қорғаныс министрлігі Жеңістің 80 жылдығына орай әскери шеру өткізетінін мәлімдеді. Әскери парадқа 2,5 млрд теңге бөлінеді.
Қорғаныс министрлігі тәрбие және идеологиялық жұмыс департаменті басшысының орынбасары Виталий Адамович 7 мамыр күні Астанада әскери шеру өтетінін мәлімдеді. Шеру Тәуелсіздік алаңында, «Қазақ Елі» монументінің алдында өтеді және үш кезеңнен тұрады.
«Бірінші кезең – тарихи және заманауи бөлімдерден тұратын жаяу әскер саптарының шеруі. Екінші кезең – механикаландырылған колонналардың жүруі, ол да тарихи және заманауи бөлімдерден тұрады. Үшінші кезең – авиацияның әуеде шеруі», – деді Адамович.
Биылғы шерудің ерекшелігі – Ұлы Отан соғысы кезіндегі әскери формада сап түзеу.
Қазақ жерінде құрылған әскери бөлімдердің жауынгерлік тулары алғаш рет алаңнан алып өтіледі. Музейде сақталған Жеңіс туының көшірмесі Т-34 танкінде көрсетіледі.
Қазақстан Қорғаныс министрлігінің арнайы парадтық бөлімі Мәскеуде өтетін парадқа қатысады, ал Минскіге бес адамнан тұратын ту тобы жіберіледі.
«Әскери парад өткізуге шамамен 2,5 млрд теңге жұмсалады. Бұл шығындар жанармайға, қосалқы бөлшектерге, іссапарларға, әскерді тасымалдауға, әскери киім тігумен байланысты», – деп толықтырды Адамович.
Ұқсас материалдар
Көп оқылғандар
Қазақстанда автосақтандыру бағасы қымбаттайды
- 11 ақпан, 2025
Жаңа Салық кодексі Парламент қарауына қашан енгізіледі?
- 11 ақпан, 2025