Атырау облысында жыл басынан бері жалпы аумағы 5,1 мың гектар болатын 13 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды.
Өңірлік ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының мәліметінше, қайтарылған жердің 4,5 мың гектары жайылымдық алқап болса, 0,6 мың гектары өзге мақсаттағы учаскелерге жатады.
Басқарма өкілі Назкен Өтешованың айтуынша, қазіргі уақытта облыста пайдаланылмай жатқан 40 мың гектар ауыл шаруашылығы жерін қайтару жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, жер ресурстарын тиімді пайдалану үшін оларды қайта бөлу жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, конкурс арқылы жалпы көлемі 11,9 мың гектар болатын 32 учаске, ал аукцион арқылы 9,1 гектарды құрайтын 7 учаске берілген.
Мамандардың пікірінше, бұл шаралар жерді тиімді игеруге мүмкіндік беріп, ауыл шаруашылығы саласының дамуына оң әсер етеді.





