Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Азамат Әмрин жаңа қызметке тағайындалды

Азамат Әмрин жаңа қызметке тағайындалды

Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин бірінші вице-министр болып тағайындалды.

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Азамат Кеменгерұлы Әмрин Қазақстан Республикасының ұлттық экономика бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды», делінген хабарламада. 

Әмрин еңбек жолын 1989 жылы Корнеев кеңшарында жұмысшы болып бастады. 

1997 жылдан 2008 жыл аралығында Солтүстік Қазақстан облысының Салық комитетінде түрлі лауазымдар атқарды. 

2008-2011 жылдары СҚО Шал ақын ауданының әкімі.  

2011-2012 жылдары  «Амрин К.К.» шаруа қожалығының менеджері. 

2013-2015 жылдары ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Салық және кеден саясаты департаменті директорының орынбасары.  

2015-2020 жылдары ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Салық және кеден саясаты департаментінің директоры.

Ұлттық экономика вице-министрі болып 2020 жылдың 20 қазанында тағайындалған болатын.

Ұқсас материалдар