Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Банктер халықтың валютасын арзанға алып, қымбатқа сатып отыр – Депутат

 Банктер халықтың валютасын арзанға алып, қымбатқа сатып отыр – Депутат

Қазақстандықтардың валюталық депозиттері тым төмен пайызбен сақталып жатыр.

Мәжіліс депутаты Айдарбек Қожаназаров Ұлттық банкке депутаттық сауал жолдап, валюталық салымдарға қойылған пайыздық шектеуді алып тастауды ұсынды. Оның айтуынша, қазіргі жүйе банктерге артық табыс әкеліп, салымшылардың пайдасын шектеп отыр.

 Банктер арзанға алып, қымбатқа береді

Қазір банктер шетел валютасындағы депозиттерге ең көбі жылына 1% ғана пайыз төлейді. Ал өздері халықаралық нарықтан ақшаны 6-7% мөлшерлемемен қарызға алып жатыр. Осы айырмашылықтың есебінен банктер 160 млрд теңге көлемінде кепілді табыс көрген.

«Бұл әділетсіз жүйе салымшылардың мүддесіне қайшы. Валюталық салымдардың пайызын нарық талаптарына сай қайта қарау қажет», – деді депутат.


Ағымдағы шоттағы ақша – банктер үшін тегін ресурс

Депутаттың айтуынша, 2019 жылдан бастап банктер клиенттердің ағымдағы шоттарындағы ақшаға пайыз төлемейді. Бұл банктерге арзан ресурс болып отыр:

  • 2024 жылы банктер 9,2 трлн теңгені тегін пайдаланып, 900 млрд теңге пайда тапқан.

Депутаттар қандай ұсыныс айтты?

«Ауыл» фракциясы төмендегідей нақты бастамалар көтерді:
  • Ауыл шаруашылығын қаржыландыру тетіктерін жетілдіру

  • ШОБ-қа берілетін несиелердің үлесін 40%-ға дейін арттыру

  • Ірі банктердің нарықтағы үлесін шектеу

  • Депозиттер бойынша әділ пайыздық мөлшерлемелер енгізу

  • Банк акционерлерінің қаржылық жауапкершілігін заңмен бекіту

  • Салықтық жеңілдіктерді ашық жариялау

 Қазақстандықтардың жинағы қандай көлемде?

Ұлттық банк дерегі бойынша:
  • Халықтың банктердегі жалпы депозиті – 44 трлн теңге

  • Оның ішінде валюталық салымдар – 11,5 трлн теңгеге жуық.

 Негізгі мақсат – салымшылардың мүддесін қорғау

Депутаттар қаржы секторындағы әділетсіздікті жою арқылы банктер мен халық арасындағы теңгерімді қалпына келтіру қажет деп санайды.

Ұқсас материалдар