Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Базалық мөлшерлеме өзгермеді: Ұлттық банк 18% деңгейін қалдырды

Базалық мөлшерлеме өзгермеді: Ұлттық банк 18% деңгейін қалдырды

Қазақстан Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдыру туралы шешім қабылдады.

Ақша-кредит саясаты комитетінің шешімі бойынша мөлшерлеме ±1 пайыздық тармақ дәлізімен жылдық 18% деңгейінде сақталды.

Бұл шешім негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің жаңартылған бағасы мен инфляциялық тәуекелдерді ескере отырып қабылданған. 2026 жылғы ақпанда жылдық инфляция 11,7%-ға дейін төмендеді (қаңтарда – 12,2%). Баға өсімі азық-түлік тауарлары бойынша – 12,7%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар бойынша – 11,6%, ақылы қызметтерде – 10,8% болды.

Ұлттық банк мәліметінше, инфляцияның баяулауына қатаң ақша-кредит саясаты, теңге бағамының нығаюы және тұтынушылық кредиттің баяулауы әсер еткен.

2026 жылы инфляция 9,5–11,5% аралығында болады деп болжанып отыр. Ал 2027 жылы 5,5–7,5%-ға дейін төмендеп, 2028 жылы 5% нысаналы деңгейіне жақындайды деп күтіледі.

Базалық мөлшерлеме бойынша келесі шешім 24 сәуірде жарияланады.

Ұқсас материалдар