Қазақстан. 6 маусым. 7kun.kz – Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы доллар бағамының бір айға және бір жылға өзгеруі жөніндегі болжамды ұсынды, деп хабарлайды 7kun.kz.
Бір жылдан кейін доллар бағамы 473,7 теңгені құрайды. Бұндай болжам қаржы нарығының кәсіби қатысушыларының сауалнама қорытындысы бойынша жасалды.
Сарапшылардың пікірінше, шілде айының басында америка валютасының бағамы 433,3 теңгені құрайды. Жылдық инфляция 14% базалық мөлшерлемемен бір деңгейге шықты. Бұл ағымдағы ақша-кредит шарттары алдағы айда сақталады дегенді білдіреді.
«Бір жылдан кейін Brent маркалы мұнай мен рубльдің долларға шаққандағы бағамы ағымдағы құнмен салыстырғанда біршама төмендейді», – деп есептейді қаржы нарығы мамандары.